БҰҰ балалар қоры үздік қазақстандық өнертапқыштарды марапаттады

1024

БҰҰ балалар қоры  үздік қазақстандық өнертапқыштарды марапаттады

БҰҰ балалар қоры қазақстандық өнертапқыштарды марапаттады Балалардың құқықтарын инновациялар арқылы ілгерілету бойынша өткен шара барысында Қазақстандағы БҰҰ балалар қоры (ЮНИСЕФ) үздік қазақстандық өнертапқыштарды марапаттады, деп хабарлайды egemen.kz.
Бірінші орынды Көкшетаудан келген, ұлттық нақышта үш тілді ұялы қосымша-ойын жасап шығарған Инсаай командасы жеңіп алды.

"Сезімдерімізді билей алмай тұрмыз. "Инсаай" деп атағанын естігенімізде өз құлағымызға өзіміз сене алмадық. Бір-бірімізге қарадық, содан соң ғана бізді айтып жатқанын түсіндік", - деп жеңімпаз Әйгерім Сағындықова алған әсерімен бөлісті.

Үздік үштікке, сондай-ақ, QamCare қосымшасымен Flash командасы және 3D Alippe қосымшасын жасап шығарған команда кірді. Әділ қазылар алқасында ЮНИСЕФ өкілінің орынбасары Фиакра Макейси, ЮНИСЕФ-тің жаһандық инновациялық қорының венчур менеджері Крис Фабиан, Urban Forum Almaty негізін қалаушы Әсел Есжанова, Google.org аймақтық басшысы Хектор Мухика, Project Connect ұйымы басқармасының төрағасы Сара Джейкобс, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің профессоры Бейбіт Әмірғалиев және AUA Group өкілі Анель Молдахметова болды.

Жеңімпаздарды марапаттап жатқанда Қазақстандаы ЮНИСЕФ Өкілі Юрий Оксамитный: "Әлеуметтік жауапкершіліктің осыншалық жоғары деңгейі мені қатты қуантты – әр қосымшаның нақты мән-маңызы бар және қоғамды бұрынғыдан да жақсырақ етуге бағытталған" деп атап өтті. Хакатон ЮНИСЕФ-тің балалардың құқықтарын инновациялар арқылы дамыту шарасы шеңберінде өткізілді. Сондай-ақ қалаларға қатысты шешімдер ойлап табуға арналды. Екі күндік шара технологиялық инновациялар, ғылым әлемінің, Қазақстанның және өзге елдердің бейүкіметтік және мемлекеттік секторларының сарапшыларының басын біріктірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу