БҰҰ Бангладеште рохинджа босқындарына арнап лагерь ашты

640

БҰҰ Бангладеште рохинджа босқындарына арнап лагерь ашты

БҰҰ Бангладеште бас сауғалаған рохинджа босқындар лагерінде балалар үшін арнайы орындар ашты, деп хабарлайды 24.kz7

Мақсат – оларды зорлық-зомбылықтан сақтап, құқықтарын қорғау. Қазір мұнда 41 орталық жұмыс істеп тұр. Мұнда балалар оқып, түрлі қызықты істермен айналыса алады. Алайда ұйым өкілдері әзірге тек 18 мың баланың қатынап отырғанын айтады

Соңғы мәліметке қарағанда, тамыз айының аяғына дейін Бангладеш шекарасын Мьянмадан қашқан 410 мың рохинджа кесіп өткен. Олардың 240 мыңдайы балалар. Оның 36 мыңы 1 жасқа толмаған сәби болса, 100 мыңдайы 5 жасқа дейінгі бөбектер.

Айта кетейік, рохинджа мұсылмандарының Мьянмадан жаппай кетуіне 25 тамызда ұлт көтерілісшілерінің Ракхайн штатындағы полиция бекеттері мен әскерилерге шабуыл жасауы себеп болған. Осыдан кейін аймақтағы жағдай қайта шиеленісіп кетті. Салдарынан қарапайым рохинджалар көрші Бангладеш еліне бас сауғалауға мәжбүр. Алайда Дакка оларды шекара аймағындағы лагерьлерде ұстап, елге енуіне шектеу қойып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу