БҰҰ Бас ассамблеясы көпшілік дауыспен Газа секторындағы атысты тоқтату туралы қарарды қабылдады

564

Қарар жобасын 153 ел қолдаса, 10 ел қарсылық білдіріп, тағы 23 ел дауыс беруден қалыс қалды. 

БҰҰ Бас ассамблеясы көпшілік дауыспен Газа секторындағы атысты тоқтату туралы қарарды қабылдады Фото: pixabay.com

Жоба 21 араб елінің қатысуымен әзірленді. Израильдің БҰҰ-дағы өкілі Гилад Ердан Бас ассамблеяның қарарын "екіжүзді" деп атады, себебі онда ХАМАС туралы ешқандай нәрсе айтылмаған. Бұл туралы inbusiness.kz сайты BBC телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

АҚШ, Парагвай, Австрия және Израиль қарсы дауыс берген 10 елдің қатарында болды. Ал Ұлыбритания, Германия, Италия, Нидерланды және Украина дауыс беруден қалыс қалған 23 елдің қатарына енгізілді.

"Енді кез келген атысты тоқтату ең жақсы жағдайда уақытша болады, ал ең нашар жағдайда — үздіксіз шабуылдарға ұшырайтын израильдіктер үшін қауіп тудырады. Сонымен қатар, палестиналықтар үшін бұл жағдай қауіпті болады. Өйткені, бұл ХАМАС-тан құтылу арқылы өздері үшін жақсы болашақ құру мүмкіндігі болып табылады", - деп түсіндірді АҚШ-тың БҰҰ-дағы елшісі Линда Томас-Гринфилд дауыс берудің алдында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу