БҰҰ Бас ассамблеясы Ресейдің арнайы операциясы айыпталатын қарарды мақұлдады

1057

Қарарды 140 ел қолдап дауыс берді.   

БҰҰ Бас ассамблеясы Ресейдің арнайы операциясы айыпталатын қарарды мақұлдады

БҰҰ Бас ассамблеясы Украиндағы атысты тез арада тоқтатуға шақыратын Батыс елдері ұсынған қарарды қолдады, деп хабарлайды inbusiness.kz "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне сілтеме жасап.

Қарар Украинадағы гуманитарлық дағдарыс үшін Ресейге жауапкершілік жүктейді. 

Қарарды 140 ел қолдады, 38 ел қалыс қалып, 5 ел қарсы дауыс берді.

"Қарсы" дауыс берген елдердің қатарында Ресей, Беларусь, КХДР, Эритрея және Сирия бар.

Алжир, Ангола, Армения, Боливия, ОАР, Қытай, Куба, Үндістан, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Пәкістан, ОАР, Тәжікстан және тағы басқа елдер дауыс беруден қалыс қалды.

Франция мен Мексика жасаған қарарда "Украинаның егемендігі, тәуелсіздігі, бірлігі және аумақтық тұтастығы" міндеттемесі расталады әрі Украинадағы Ресейдің арнайы операциясы айыпталады.

Қарар жобасы Ресей Федерациясын соғыс қимылдарын тоқтатуға, әскерлерді дереу шығаруға, қос тарапты диалогқа шақырады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу