БҰҰ Бас Ассамблеясы Ресейге қатысты шешім шығарды

1214

БҰҰ Бас Ассамблеясы сәрсенбіде ДХР, ЛХР, Херсон және Запорожье облыстарындағы референдумдар мен Украинадағы жағдай бойынша Ресейге қарсы қарар қабылдады.

БҰҰ Бас Ассамблеясы Ресейге қатысты шешім шығарды Фото: Eduardo Munoz/Reuters

Қарарды қолдап 143 ел дауыс берді, қарсы – бес, дауыс беруден қалыс қалғандар – 35. Сонымен қатар Украинадағы қақтығысты келіссөздер арқылы шешуге шақырады.

Ресей, Беларусь, КХДР, Никарагуа, Сирия қарсы дауыс берcе, Қытай, Үндістан, Оңтүстік Африка дауыс беруден бас тартты, ал Бразилия қарарға дауыс берді. Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстан да нейтралды көзқарас білдірді. Латвия, Литва, Эстония, Украина сияқты елдер қарарды қолдады.

Қарар қабылдануы үшін оны дауыс беруге қатысушылардың кемінде үштен екісі қолдауы керек еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу