БҰҰ Бас Ассамблеясы Украина бойынша Ресейге қарсы қарарды мақұлдады

585

БҰҰ Бас Ассамблеясы Батыс елдері ұсынған "Украинада жан-жақты, әділ және берік бейбітшілікке қол жеткізудің негізінде жатқан Ұйым Жарғысының принциптері туралы" Ресейге қарсы қарар қабылдады. 

БҰҰ Бас Ассамблеясы Украина бойынша Ресейге қарсы қарарды мақұлдады Фото: img3.eadaily.com

Құжатты 141 ел қолдады. Құрамында Қазақстан бар 32 ел дауыс беруден бас тартты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ең қызығы бұған дейін Ресейді ашық қолдаған Қытай осы жолы қалыс қалды. Ал жеті мемлекет "қарсы" дауыс берді, соның ішінде Ресей мен Беларусь.

БҰҰ құжатты қабылдағанға дейін мүше елдер Беларусь ұсынған қарарға екі түзету бойынша дауыс берді. Қару-жарақты Украинаға жібермеуге және алдын-ала шарттарсыз келіссөздерді дереу бастауға шақыратын түзетулер, сондай-ақ батыс елдерінің басшыларының Минск келісімдері туралы айыптаулары қабылданбады.

Құжат Ресейден өзінің барлық қарулы күштерін "дереу және толығымен" Украинадан алып тастауды талап етеді және әскери қимылдарын, азаматтық инфрақұрылымға соққыларды тоқтатуға және "әскери тұтқындарды толық айырбастауға" шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу