БҰҰ Бас хатшысы 2023 жылды тарихтағы ең ыстық жыл деп атады

524

Бұл пікір Дубайда өтіп жатқан "СОР28" климаттық саммитінде жан-жақты талқыланды. 

БҰҰ Бас хатшысы 2023 жылды тарихтағы ең ыстық жыл деп атады Фото: pixabay.com

Бейсенбі күні БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Дубайда ұйымдастырылған Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ негіздемелік конвенциясына "СОР28" саммитіне қатысушылардың 28-ші конференциясында 2023 жылды адамзат тарихындағы ең ыстық жыл деп атады. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Синьхуа ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

"2023 жылғы жаһандық климатқа қатысты жағдай айқын. Жағдайдың жылдам өзгеріп жатқаны соншалық, жыл соңы аяқталмай тұрып, осы жылдың тарихтағы ең ыстық жыл болғанын нақты айта аламыз", - деп түсіндірді БҰҰ басшысы "СОР28" делегаттарына жасаған бейнеүндеуінде.

Сонымен қатар, ол биылғы жылы бүкіл әлемдегі қауымдастықтар өрттен, су тасқынынан және қалыпты нормадан тыс температурадан зардап шеккенін атап өтіп, жаһандық жылынудың рекордтық үдеуі әлем көшбасшыларын әрекет етуге итермелеуі қажет екенін айтты.

Айта кетейік, Дубайдағы қазіргі екі апталық конференция бүкіл халықаралық қауымдастықтың назарын аударады. Өйткені, ол 2015 жылғы Париж келісімінің мақсаттарына қол жеткізудегі адамзаттың ұжымдық прогресін екі жылдық "жаһандық қорытындылау" бағдарламасының аяқталуына негізделген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу