БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш Киевте Владимир Зеленскиймен кездесті

461

Украинадағы соғыс БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриштің назарында. Ол Киевке ресми сапармен келіп, президент Владимир Зеленскиймен кездесті.  

БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш Киевте Владимир Зеленскиймен кездесті Фото: rbc.ua

Келіссөздердің бір тақырыбы - "астық мәмілесін" ұзарту. Гутерриштің сапары әлемдік қоғамдастықтың қолдауы болды, деп жазады inbusiness.kz Euronews-ке сілтем жасап.

"Бұл - менің Украинаға бір жылдан аз уақыт ішінде жасап отырған үшінші сапарым. БҰҰ-ның ұстанымы айқын: Ресейдің Украинаға басып кіруі БҰҰ Жарғысы мен халықаралық құқықты бұзу деп танылады. Украинаның егемендігі, тәуелсіздігі, бірлігі мен аумақтық тұтастығы оның халықаралық деңгейде танылған шекараларында қорғалуы керек", - деді БҰҰ Бас хатшысы.

Украин астығын жеткізу Ресейдің шабуылдарының кейін бұзылды. Шілде айында БҰҰ мен Түркияның делдалдығымен ұзақ келіссөздерден кейін Ресей ауылшаруашылық өнімдерін тасымалдайтын құрғақ жүктердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге келісті. Шарттың мерзімі 18 наурызда аяқталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу