Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш мұсылман әлемін Ораза айтпен құттықтап, Газадағы, Судандағы және басқа да көптеген елдегі мұсылмандардың мерекені тойлай алмағаны "ауыр тигенін" айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.
"Менің жүрегім жаралы. Газадағы, Судандағы және басқа да көптеген жерде қақтығыстар мен ашаршылық салдарынан мұсылмандар Рамазанды дұрыс тойлай алмайды", - деп жазды БҰҰ Бас хатшысы Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
БҰҰ Бас хатшысы әлемдегі барша мұсылмандарды Рамазан мейрамымен құттықтады.
Every year, I express my best wishes for #EidAlFitr to the Muslim community around the world.
— António Guterres (@antonioguterres) April 9, 2024
My heart is broken knowing that in Gaza, Sudan and many other places - because of conflict and hunger - so many Muslims will not be able to celebrate properly. pic.twitter.com/1Z3rWIbhdN