Гуттериш тараптардың атысты тоқтату режимін сақтайтынына үміт білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz БҰҰ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Бас хатшы Әзербайжан СІМ басшысы Джейхун Байрамовпен Әзербайжан мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастықты талқылау мақсатында кездесті. Олар Армения мен Әзербайжан арасындағы шекарадағы оқиғалар туралы пікір алмасты. Бас хатшы атысты тоқтату жайлы уағдаластық сақталады деген үмітін білдірді және БҰҰ екі ел арасындағы шиеленісті бәсеңдету жолында барлық күш-жігерді қолдайтынын атап өтті", – делінген хабарламада.
Динара Мұрат
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу