БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш COVID-19-қа қарсы вакциналардың таралуы тең емес және әділетсіз, дамып келе жатқан елдерде COVID-19 коронавирусының "дала өртіндей таралуын" тоқтату үшін көп нәрсе жасау керек деп мәлімдеді, деп хабарлайды Sky News.
"Әр адам мүмкіндігінше тезірек вакциан алу керек", - деді Ұлыбританияда БҰҰ Бас хатшысы.
Сондай-ақ, ол вакцинацияның ғаламдық жоспары вакциналардың зияткерлік меншік мәселесін шешуі керек екенін атап өтті. Гутерриштің айтуынша, "білімімізбен бөлісуіміз керек екені анық".
G7 саммиті Ұлыбританияда жұмада басталды және 13 маусымға дейін жалғасады.