Бүгін БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш әнші, Халықаралық көші-қон ұйымының ізгі ниет елшісі Димаш Құдайбергенмен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.
Бас хатшы Димаштың шығармашылығын бүкіл әлем бойынша миллиондаған адам еститінін, оның дауысы адам құқықтарын қорғауға қабілетті екенін атап өтті.
ХКҰ-ның ізгі ниет елшілері бағдарламасының мақсаты – белгілі және құрметті мәдениет, өнер және спорт қайраткерлерін тарту және көші-қонға қатысты мәселелерді қамту.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу