БҰҰ-ның Бас хатшысы Антониу Гутерриш миграция мәселесі туындамай қоймайтынын, елдер аталған мәселеде саясатты өздері айқындау керегін мәлімдеді.
"Елдер адамдардың, мигранттардың құқығын сыйлай отырып, өзінің иммиграциялық саясатын айқындауға құқылы және осының арқасында халықаралық ынтымақтастық қазіргіден де маңызды бола түспек", – деп мәлімдеді ол Норвегияда.
Оның айтуынша, "миграция – болмай қоймайтын құбылыс".
А.Гутерриш күтімімен иммигранттар айналысатын, Португалияда тұрып жатқан 95 жастағы анасын мысалға келтірді.
"Анамды күтіп-баққан бірде-бір португалдықты кездестірген емеспін. Онымен ылғи да мигранттар айналысады, және мен миграция қажеттілік екенін ұқтым", – деді ол.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу