БҰҰ Бас хатшысы Ирандағы жағдайға алаңдаушылық білдірді

387

Антониу Гутерриш Иран билігіне үндеу жасады.

БҰҰ Бас хатшысы Ирандағы жағдайға алаңдаушылық білдірді Фото: David 'Dee' Delgado / Reuters

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Иран билігінің наразылық білдірушілерге шамадан тыс күш қолданғаны туралы ақпаратты естіп, алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Иранда наразылық салдарынан жүздеген адам қаза тапқан болатын. Көптеген адам жарақат алды. 

"Иран халқы өз наразылығын бейбіт түрде әрі қорқынышсыз білдіруге мүмкіндік алуы тиіс. Халықаралық құқықта бекітілген пікір білдіру, бірлестік құру және бейбіт жиналу еркі толық құрметтеліп, қорғалуы қажет", – делінген Гутерриштің мәлімдемесінде.

БҰҰ Бас хатшысы Иран билігін сабыр сақтауға және шамадан тыс күш қолданудан бас тартуға шақырды. Бұдан бөлек Тегеранның ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етіп, байланыс желілерін қалпына келтіру үшін қажетті шаралар қабылдауы керек екені де айтылды.

Еуропарламент төрайымы Роберта Метсола да шеруге шыққандарды қолдады. X желісіндегі парақшасында жариялаған жазбасында көшелерге шыққан азаматтарға үндеу жасап, олардың уақыты келгенін жеткізді.

"Коммуникацияны бұғаттайтын кез келген режим өз халқынан қорқатын режим екені белгілі", – деді Метсола.

Айта кету керек, бұған дейін Иранда үш күндік аза тұту жарияланғанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу