Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш "мемлекеттілік палестиналықтардың құқығы" деп мәлімдеп, Палестина аумақтарын заңсыз басып алуды тоқтатуға шақырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
БҰҰ Бас хатшысы кеңсесінің басшысы Кортни Рэттрей Палестина халқымен халықаралық ынтымақтастық күніне арналған арнайы жиында жасаған мәлімдемесінде Антониу Гутерриш Палестина халқының қадір-қасиетіне, әділдігіне және өзін-өзі анықтауға құқығы бар екендігін айтты.
Ол соңғы 2 жылда палестиналықтардың құқықтары өрескел бұзылып жатқанын атап өтіп, биыл қазан айында қол жеткізген атысты тоқтату келісімінің үміт нұрын беретінін және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Газа секторы туралы қарарының қабылдануы осы үмітті нығайтудағы маңызды қадам екенін баса айтты.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы барлық тараптарды резолюцияның ережелерін толығымен орындауға және келесі кезеңге дереу өтуге шақырды.
Айта кетейік, БҰҰ Бас хатшысы Трамптың Газадағы қақтығысты реттеу жоспарын қолдап отыр.