БҰҰ бас хатшысы Сирияға берілген әуе соққылары туралы мәлімдеме жасады

748

БҰҰ бас хатшысы Сирияға берілген әуе соққылары туралы мәлімдеме жасады

БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш АҚШ, Франция және Ұлыбритания тарапынан Сирияға берілген әуе соққылары туралы мәлімдеме жасады.

БҰҰ басшысының айтуынша, барлық елдер Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысына, халықаралық құқық принциптеріне сәйкес әрекет етуге тиіс.

Антониу Гутерриш БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты екенін қадап айтты. Ол Қауіпсіздік Кеңесін бірігуге, өз міндеттемелерін орындауға, Сирия халқының қасіретін одан бетер ауырлатуы мүмкін әрекеттер жасамауға шақырды.

БҰҰ бас хатшысының сөзіне қарағанда, химиялық қаруды қолдануға жол беруге болмайды. Ол Қауіпсіздік Кеңесінің Сирияда химиялық қарудың қолданылуына айыптыларды жазалайтын механизмдер мәселесінде келісімге келе алмағанына өкінетінін білдірді.

Еске сала кетейік, бүгін, Дамаск уақытымен таңғы төрттер шамасында АҚШ президенті Дональд Трамптың бұйрығымен Сирияға зымыранмен соққы берген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу