БҰҰ бас хатшысы ядро "бұлтын" ыдыратуға шақырды

1282

26 қыркүйек – Халықаралық ядролық қаруды толық жою үшін күрес күні.  

БҰҰ бас хатшысы ядро  "бұлтын" ыдыратуға шақырды

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерреш ядролық қару әлемге әлі де қауіп төндіріп тұрғанын айтады, деп жазады inbusiness.kz

Оның айтуынша, планетада 14 мыңға жуық ядролық қару сақталған. Сондықтан қауіптің алдын алу үшін тиісті шаралар қолдану керек. 

"Ядролық қақтығыс болмайтындай түйілген қою бұлтты біржола қуып, сенім мен бейбітшіліктің жаңа дәуірін жариялайтын уақыт келді", деп жазды Гутерреш өзінің Твиттердегі парақшасында.

26 қыркүйекте бүкіл әлемде ядролық қаруды толық жою үшін халықаралық күрес күні аталып өтеді. Оны 2013 жылғы 5 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы адамзат үшін осындай қару-жарақтың пайда болу қаупі туралы, сондай-ақ одан толықтай құтылу қажеттілігі туралы халықты ақпараттандыру және ағарту деңгейін арттыру мақсатында құрды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу