БҰҰ Бас хатшысы ядролық қаруды толығымен жоюға шақырды

1370

Гуттериш "бір қателіктің" кесірінен ядролық қару әлемді жойып жіберуі мүмкін екенін айтты.

БҰҰ Бас хатшысы ядролық қаруды толығымен жоюға шақырды

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш әлемдегі ядролық қаруды толығымен жоюға шақырды.

Бұл туралы ол Нью-Йоркте өткен ядролық қаруды таратпау туралы шартқа (ЯҚТШ) қатысушы елдер конференциясының ашылуында мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Оның айтуынша, ядролық қаруды қолдану қаупі қырғи қабақ соғыс кезіндегі деңгейге жеткен.

"Қатерді азайту жеткіліксіз. Ядролық қаруды жою – бұл оның қолданылмайтындығының жалғыз кепілі. Біз осы орайда тынымсыз жұмыс істеуіміз керек", – деді Гутерриш.

Бас хатшы "бір қателіктің" кесірінен ядролық қару әлемді жойып жіберуі мүмкін екенін айтты.

"Адамзат Хиросима мен Нагасакиге жасалған соққылардың салдары қандай болғанын ұмытайын деді. Геосаяси шиеленістер жаңа "биіктерге" жетті", – деді ол.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу