БҰҰ Бас хатшысының бірінші орынбасары Қазақстанға сапармен келді

468

БҰҰ Бас хатшысының бірінші орынбасары Амина Мохаммед Қазақстанға сапары аясында ол ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаровпен кездесу өткізді.  

БҰҰ Бас хатшысының бірінші орынбасары Қазақстанға сапармен келді Фото: gov.kz

Келіссөздердің негізгі тақырыптары 2030 жылға дейінгі орнықты даму саласындағы күн тәртібін іске асыру, гендерлік теңдік мәселелері және Ауғанстандағы ахуал болды, деп хабарлайды inbusiness.kz Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қазақстанның Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары бойынша БҰҰ Өңірлік орталығын құру жөніндегі бастамасына ерекше назар аударылды. Қайрат Омаров БҰҰ тарапының қазақстандық бастаманы қолдайтынына және іске асыруға жәрдемдесетініне сенім білдірді.

Өз кезегінде БҰҰ өкілі Қазақстанның 2030 жылға дейінгі күн тәртібін іске асырудағы белсенді ұстанымын жоғары бағалады және Қазақстанның Ауғанстандағы тұрақтылықты қолдауға, атап айтқанда гуманитарлық көмек көрсету және ауған қыздарын ҚР жоғары оқу орындарында оқытуға мүмкіндік беру жолындағы күш-жігерін атап өтті.

Тараптар сондай-ақ ҚР-БҰҰ ынтымақтастығының өзекті мәселелерін қарастырып, жан-жақты әріптестікті нығайту мақсатында одан әрі өзара іс-қимыл жоспарларын белгіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу