Ұйым кеңсесінің өкілі Ла Нейстің айтуына қарағанда, бұл орынға үш адам бақ сынайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Олар: Бангладештің Сыртқы істер министрі Тухид Хұссейн, Кипр Сыртқы істер министрінің тұрақты хатшысы Андреас Какурис және Палестинаның БҰҰ-дағы тұрақты бақылаушысы Рияд Мансұр. Әзірге палестиналық дипломат қана қауымдастықтың даму жоспарын ұсынды.
БҰҰ-ның тәртібі бойынша, Бас Ассамблея төрағасы болып ұйымға толық мүше елдің өкілі сайланатын. Алайда 2024 жылы Бас хатшы Антониу Гутерриш бұған өзгерту енгізді. Бұдан былай бақылаушы мәртебесі бар өкілдер де бұл қызметке таласа алады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу