БҰҰ Бейжіңдегі билікті ұйғырларға қысым көрсетпеуге шақырды

841

Олар Шыңжаңдағы лагерьде қамауға алынған ұйғыр және басқа да аз ұлттардың өкілдерінің бостандыққа шыққанын қалайды. 

БҰҰ Бейжіңдегі билікті ұйғырларға қысым көрсетпеуге шақырды

АҚШ, Ұлыбритания, Германия және басқа да 10 шақты елдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілдері Қытайды мұсылмандарға қарсы қысым көрсетпеуге шақырды, деп хабарлайды Atameken Business.

Олар Шыңжаңдағы лагерьде қамауға алынған ұйғыр және басқа да аз ұлттардың өкілдерінің бостандыққа шыққанын қалайды. Онда қазір 1 млн-нан аса адам бар. Дін ұстанғаны үшін "экстремист" атанған оларды жергілікті билік кәсіби біліктілігін арттырамыз деген желеумен жауып тастаған.

Ұлттар ұйымы қысымға шыдамай Қытайдан қашып кеткендерді ұстап бермеу керек, олар еліне барса, қатаң жазаланады. Сондықтан, репатриация жасамау қажет деген ұсыныс жариялады.

"Шыңжаң Ұйғыр автономиялық округындегі ұйғырлар және басқа да аз ұлттарды мәдени және діни ұстанымдарына бола қуғындаған Қытай үкіметін айыптаймыз. Оларды халықаралық міндеттемелерді орындауға шақырамыз. Адам құқын қорғауға қатысты  айтарымыз, біздің комиссарлардың Шыңжаңға баруына мүмкіндік беруін сұраймыз",– дейді Британияның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Карен Пирс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу