БҰҰ Бейжіңдегі ойында олимпиадалық бітім туралы қарар қабылдады

1171

Ол 4 ақпаннан 13 наурызға дейін созылады.

БҰҰ Бейжіңдегі ойында олимпиадалық бітім туралы қарар қабылдады

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы Бейжіңде өтетін Олимпиада және Паралимпиада ойындары кезінде олимпиадалық бітім туралы қарар қабылдады, деп хабарлайды Inbusiness.kz ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің сайтына сілтеме жасап.

Бітім 4 ақпаннан (Олимпиада ойындарының басталуына жеті күн қалғанда) 13 наурызға дейін (Паралимпиада ойындары аяқталғаннан кейін жеті күн өткенге дейін) созылады. Бұл құжат ұйымға мүше барлық мемлекеттерді халықаралық олимпиада комитетімен бірлесе ынтымақтастық орнатуға үндейді. Яғни елдер Олимпиада кезінде және одан кейін де спортты бейбітшілік, диалог және татуласу құралы ретінде пайдалануға тиіс. 

Қарардың авторлары – БҰҰ-ға мүше 193 мемлекеттің 173-і.

Табиғат Нұрболат

Фото: istockphoto.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу