БҰҰ бұдай жөніндегі келісімді сақтап қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды. Өйткені бидайдың негізгі экспортерлары арасындағы соғыс жағдайында бір жылға ұзартылған азық-түлік келісімі наурыздың 18-і күні аяқталады.
Ресейдің сыртқы істер вице-министрі Сергей Вершинин Женевадағы жиында келісімді 60 күнге ұзартуға қарсы емеспіз,- деп мәлімдеген.
Айта кетейік, әлемдік нарықтағы дәнді-дақылдардың, оның ішінде бидайдың 20 пайызын Ресей, 12 пайызын Украина экспорттайды. Тасымал тоқтаған жағдайда, дүние жүзінде азық түлік дағдарысы пайда болып, Африка, Таяу Шығыс және бірқатар Азия елдерінде аштық өршуі мүмкін.