БҰҰ бітімгерлері Ливанды қорғауға бар күшін салмақ

121

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Израильдің UNIFIL-ге жасаған қасақана шабуылын "жалған қауесет" деп атады. 

 БҰҰ бітімгерлері Ливанды қорғауға бар күшін салмақ Фото: rbc.ua

UNIFIL бітімгершілік күштері Израильдің қарсылығына қарамастан, Ливандағы өз позицияларында қалады. Бұл туралы БҰҰ бітімгершілік контингентінің басшысы мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

1 қазаннан бастап, Ливандағы Израильдің жерүсті операциясы басталғаннан бері, UNIFIL позицияларына бірнеше рет Израиль (ЦАХАЛ) тарапынан оқ атылды. Оқиғалар кезінде бітімгерлер зардап шеккен.

Бұған дейін Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Ливанның оңтүстігінде UNIFIL күштеріне шабуыл жасалғаны туралы ақпаратқа түсініктеме берді.

"Израиль UNIFIL қызметкерлеріне қасақана шабуыл жасады деген айып жалған ақпарат. Барлығы керісінше болды, ұрыс жерінен кетуді Израиль UNIFI-ден бірнеше рет сұрады", – деді Беньямин Нетаньяху. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу