Біріккен ұлттар ұйымының бас ассамблеясы 1 шілдеден басталатын жаңа қаржы жылына орай, бітімгерлік операциялардың бюджетін бекітті, деп хабарлайды 24.kz.
Әлем бойынша жүргізіліп жатқан 14 миссияға 7 млрд 300 млн доллар жұмсау көзделген. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 600 млн долларға кем сома. Біріккен Ұлттар Ұйымының басты демеуші елі болып табылатын АҚШ өкілдері шығынның азаюмен қатар одан да ауқымды қаражат үнемделетініне үмітті. Ал Біріккен ұлттар ұйымының бас хатшысының ресми өкілі Стефан Дюжаррик қаржыландырудың қысқартылғанына қарамастан, ұйым қақтығыс өршіген аймақтарда жағдайды реттеуге бар күшін салатынын мәлімдеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу