БҰҰ болашағы бұлыңғыр емес – Сергей Лавров

1116

Ресей Федерациясының сыртқы істер министрі Сергей Лавров БҰҰ болашағына қатысты алаңдаушылықтардың орынсыз екенін айтты.

БҰҰ болашағы бұлыңғыр емес – Сергей Лавров

БҰҰ – құрамында 193 ел бар, ішкі жүйесі өте күрделі механизм. Оның мақсаты – әр елдің ерекшілігін ескере отырып, мәселені шешу жолдарын ұсыну. Нұр-Сұлтан қаласына жұмыс сапарымен келген Ресей Федерациясының сыртқы істер министрі Сергей Лавров ҚР сыртқы істер ведомствосының басшысы Мұхтар Тілеубердімен кездесуден кейінгі баспасөз мәслихатында осындай мәлімдеме жасады. 

"БҰҰ – құрамында 193 ел бар, ішкі жүйесі өте күрделі механизм. Оның мақсаты – әр елдің мүдделері мен ондағы жағдайларды ескере отырып, мәселені шешу жолдарын ұсыну. Кейде бір үкімет ішіндегі министрліктер мен ведомстволар өзара келісе алмай жатады, ал бұл ұйымға шамамен әлемнің барлық елі мүше. Сондықтан мен БҰҰ-ның болашағына қатысты алаңдаушылықтардың орынсыз екенін айтқым келеді. Адамзат тарихында осы ұйымның жарғысынан басқа сенімді әрі мықты жарғы және осы құжат негізінде құрылған механизм құрылымы болмаған", – деді Лавров өз сөзінде. 

Айта кетейік, келіссөз барысында министрлер күн тәртібіндегі негізгі аймақтық және халықаралық түйткілдерді шешу жолдарын салыстырып, ұйымдардағы өзара әрекеттесу процесін қарастырады. Олар аймақтағы қауіпсіздік, лаңкестікпен күресте серіктестік орнату және есірткі саудасына баса назар аударды. 

Келіссөздерден кейін Сергей Лавров Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу