БҰҰ болжамы: 2050 жылға қарай Қазақстанның 10 тұрғынының 7-і қалада тұрады.

826

 Еnergyprom.kz зерттеуі осы мәліметпен қатар, елдегі құрылыс қарқынынын зерттеп, урбанизация деңгейін сараптап көрген, деп хабарлайды.  

БҰҰ болжамы: 2050 жылға қарай Қазақстанның 10 тұрғынының 7-і қалада тұрады.

Қазақстанда урбанизация процесі қарқын алып келеді. Еске сала кетейік, БҰҰ-ға мүше мемлекеттер, оның ішінде Қазақстан 2015 жылы орнықты даму саласындағы мақсаттарға (ОДМ) қол жеткізу бойынша міндеттемелерді қабылдаған болатын. ОДМ – бұл кедейлікті жоюға, планетаны қорғауға және қай жерде болмасын, әр адамның өмірі мен болашағын жақсартуға бағытталған іс-әрекеттерге шақырады. 

"Қазақстанға келер болсақ, мұнда жағдай айтарлықтай оң сипатқа ие. Бұл міндетке табысты құрылыс қарқыны мен халықтың өсу қарқынының арақатынасы, сондай-ақ бір тұрғынға тұрғын үймен қамтамасыз ету көрсеткіші айқындайды. Құрылыс қарқыны Қазақстандағы халықтың өсу қарқынынан бірнеше есе жоғары. Мәселен, осы жылдың жеті айының қорытындысы бойынша елде 7,7 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл – бір жыл бұрынғыға қарағанда 10,3% артық. Бұл ретте жалпы көлемнің төрттен үш бөлігі қалаларда тапсырылды: 5,7 млн шаршы метр. Биыл барлығы 17 млн шаршы метрден астам тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Яғни жаңа рекордтық көрсеткіш байқалады. 2020 жылы елде 15,3 млн шаршы метр тұрғын үй тапсырылған еді", - делінген зерттеуде.

Қазақстандағы халық санының өсімі жыл сайын шамамен 1,3% ғана құрайды. Осы жылдың 1 шілдесі бойынша Қазақстанда 19 млн адам тұрған. Қала халқының өсімі 2% жуық өсіп, 11,3 млн адамға дейін құрады. 

"Қазақстанда тұрғын үй құрылысы көлемінің дәл осылай өсу қарқыны мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қолжетімді ипотекалық несиелеумен қамтамасыз етілген. Өткен онжылдықтың басынан кейін 2015-2016 жылдары "Нұрлы жол" инфрақұрылымдық дамудың мемлекеттік бағдарламасын іске қосу сектордың дамуына қуатты серпін берді", - дейді зерттеушілер.

БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаментінің болжамы бойынша, 2050 жылға қарай Қазақстанда урбанизация деңгейі 69,1%  жетеді. Яғни елдің 10 тұрғынының 7-і қалаларда тұратын болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу