БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі Орталық Азия бойынша өңірлік өкілі Астанаға келді

113

Аслан Түкиев Сафарли мырзаны тағайындалуымен құттықтап, Қазақстандағы қызметіне толайым табыс тіледі.

БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі Орталық Азия бойынша өңірлік өкілі Астанаға келді Фото: gov.kz

Жоғарғы Соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Аслан Түкиев БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының Орталық Азия бойынша Өңірлік өкілі Махир Сафарлимен кездесу өткізді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Кездесу барысында көпжылдық достық қарым-қатынастардың жоғары қарқынмен дамып келе жатқаны және осы санаттағы істер бойынша сот практикасының біркелкілігін нығайтуға ықпал ететін кәсіби диалогтың маңыздылығы атап өтілді.

М.Сафарли өз кезегінде қалыптасқан сындарлы ынтымақтастық бірлескен жұмысты одан әрі нығайтудың берік негізі екенін атап өтті. Сондай-ақ ол жоспарланған іс-шаралардың, оның ішінде оқыту және сараптамалық бастамалардың маңыздылығына тоқталды.

Кездесу соңында тараптар құқық үстемдігін қамтамасыз ету мақсатында серіктестікті одан әрі нығайтуға өзара мүдделілік білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу