БҰҰ босқындарға жәрдем беруді жалғастырады

862

БҰҰ босқындарға жәрдем беруді жалғастырады

Біріккен ұлттар ұйымына қарасты Палестина босқындар ісі жөніндегі агенттігі (UNRWA) өз баяндамасында Сирияда жағдай түзелгенге дейін палестиналық босқындарға көмек көрсетуді жалғастыруға уәде етті. Бұл туралы БҰҰ-ның ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды kazislam.kz.

"2017 жылы Сириядағы жағдай әлі күнге дейін тұрақсыз болып отыр. Осының салдарынан сириялық босқындарға гумманитарлық көмек көрсету жұмыстары тоқтатылып отыр. Осыдан кейін сириялық босқындар Ливан мен Иордания елдеріне қоныс аударып жатыр. Сонымен қатар, Сирияда 430 мыңға жуық палестиналық босқындар тұрып жатыр. Олардың ішінде 43 мың босқын қарулы қақтығыс орын алған территорияларда өмір сүреді. Осындай жағдайларға қарамастан БҰҰ-ға қарасты Палестина босқындар ісі жөніндегі агенттігі палестиналық босқындарға деген гуманитарлық көмекті жалғастыра береді", -  деп берілген баяндамада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу