БҰҰ-да еліміздің 7 волонтері қызмет атқарып жүр

752

Волонтерлар 2020 жылы ел экономикасына 3,9 млрд теңге шамасында үлес қосты. Бұл туралы үкімет отырысында ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева баяндады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

БҰҰ-да еліміздің 7 волонтері қызмет атқарып жүр

"Талап" орталығының бағалауында, волонтерлердің Қазақстан экономикасына тигізген үлесі 2020 жылы 3,9 млрд теңгеге жетті. Волонтерлік қызметтің ең үлкен үлесі денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызметте – 68%, абаттандару және тазалық салаларында – 12%-ды құрады", – деді министр.

Аида Балаеваның айтуынша, Мемлекет басшысының БҰҰ бас ассамблеясының 75 сессиясында халықаралық волонтерлер жылын жариялау бастамасы бойынша бүгінгі таңда мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, тиісті құжат жобасы әзірленіп жатыр. 

Естеріңізге салайық, былтыр біздің елдің ұсынысымен БҰҰ бас ассамлеясының қарарына волонтерлікті 2030 жылға дейін дамыту мәселесі енгізілді. Бүгінгі таңда БҰҰ-ның түрлі құрылымында еліміздің 7 волонтері Қазақстан үкіметінің тікелей қолдауымен қызмет атқарып жүр. 

"Жыл волонтері" халықаралық сыйлығын табыстау шарасы биыл да атқарылады", – деді Аида Балаева.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу