Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) жанындағы тұрақты өкілі Ақан Рахметуллин БҰҰ Қарусыздану комиссиясының жыл сайынғы сессиясының төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды inbusiness.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қазақстанның бастамасымен Біріккен Ұлттар Ұйымының Қарусыздандыру жөніндегі комиссиясының жыл сайынғы сессиясының төрағасы лауазымына Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Ақан Рахметуллиннің кандидатурасы ұсынылып, бірауыздан мақұлданды", - делінген хабарламада.
"Тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет еліміздің өкілі сайланған маңызды органға табысты төрағалық ету үшін алда көп жұмыс күтіп тұр", - делінген СІМ хабарламасында.
БҰҰ-ның Қарусыздану жөніндегі комиссиясы Бас Ассамблеяға бағынатын консультативтік-кеңесші орган. Оның қызметі қарусыздану саласындағы түрлі проблемаларды қарастыру және ұсыныстар беру болып табылады. Сессия жұмысы 21 сәуірге дейін жалғасады.