Біріккен ұлттар ұйымында Құрбан айт мерекесіне байланысты демалыс жарияланды. Сол себепті ұйымның барлық бөлімшелері бүгін жабық тұр, деп хабарлайды 24.kz.
Бас ассамблеяның 73-ші сессиясына жүріп жатқан қарқынды дайындыққа қарамастан штаб-пәтердегі жұмыстар тоқтатылды.
Жақында БҰҰ-да Ауғанстан үкіметі мұсылмандардың басты мерекесі аясында "барлық тараптарды бейбіт келісімге шақырып, зорлық-зомбылықты тоқтату керек" деген мәлімдеме жасаған болатын. Ауғанстан президенті Ашраф Гани "Талибанмен" уақытша атысты тоқтату туралы мәлімдеме жасай отырып, қарсы тарап та осындай қадамға барады деген сенімін білдірді.
Мұндай атысты уақытша тоқтату тәртібі соңғы рет маусым айында Ораза айты кезінде қабылданған еді.