БҰҰ Даму бағдарламасының еліміздегі Тұрақты өкілінің дипломатиялық миссиясы аяқталды

562

ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин еліміздегі дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты БҰҰ Даму бағдарламасының Тұрақты өкілі Якуп Беришпен кездесу өткізді.

 БҰҰ Даму бағдарламасының еліміздегі Тұрақты өкілінің дипломатиялық миссиясы аяқталды

Ақан Рахметуллин Я. Беришке осы лауазымдағы қызметі үшін алғыс айтып, Қазақстанның БҰҰ ДБ-мен ынтымақтастығының оң динамикасын атап өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соңғы жылдары БҰҰ ДБ-ның қолдауымен Алматы қаласында Орталық Азия мемлекеттерінің Үкімет және БҰҰ басшыларының қатысуымен Орнықты даму мақсаттары (ОДМ) бойынша екі аймақтық саммиті өткізіліп, 2021-2025 жылдарға арналған ҚР мен БҰҰ арасындағы елдік ынтымақтастық даму жоспары қабылданды. Сонымен қатар Нью-Йорк қаласында БҰҰ штаб-пәтерінде еліміздің ОДМ-ды іске асыру бойынша екі ерікті ұлттық шолу сәтті түрде ұсынылды.

Өз кезегінде, Я. Бериш Қазақстан мен БҰҰ ДБ арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуды атап өтіп, еліміздегі жұмысы барысында тұрақты қолдау көрсеткені үшін Қазақстан Үкіметіне шынайы ризашылығын білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу