БҰҰ делегациясы 15 ақпанда Астанадағы кездесуде техникалық деңгейде қатысады

951

БҰҰ делегациясы 15 ақпанда Астанадағы кездесуде техникалық деңгейде қатысады

Астанада Сирия жөніндегі кезекті кездесу техникалық деңгейде болады. Ол БҰҰ бас хатшысының арнайы өкілі Стаффан де Мистураның қатысуынсыз өтетін шығар, деп хабарлады "Интерфакске" арнайы өкілдің баспасөз хатшысы Яра Шариф.

"БҰҰ делегациясының Астанадағы кездесуге қатысуы техникалық деңгейде қарастырылған", – деді С. де Мистура келіссөзге қатыса ма деген сұраққа жауап берген ол.

Ол арнайы өкілдің өзі қатысатындығын растаған жоқ.

Бұған дейін хабарланғандай, 15 ақпанда Астанада Сириядағы жағдайды реттеу жөнінде Ресей, Түркия, Иран және БҰҰ-ның кезекті кездесуі көзделген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу