БҰҰ Донбастағы жағдайды геноцид деп санаудан бас тартты

1147

Оның пікірінше, Ресей әскери күштері Донбасқа енгізілсе, оларды бітімгершілік контингенті деп санауға болмайды.

БҰҰ Донбастағы жағдайды геноцид деп санаудан бас тартты

БҰҰ-ның Бас хатшысы Антониу Гутерриш Донбастаға жағдайды геноцид деп санаудан бас тартты, деп хабарлайды inbusiness.kz. Ол бұл терминнің халықаралық құқық бойынша анықталған мағынасы бар екенін атап өтіп, сол анықтаманы ұстануға шақырды.

"Геноцид – бұл нақты қылмыс және ол халықаралық құқыққа сәйкес анықталуы керек. Менің ойымша, бұл жағдайды геноцид деп атауға келмейді", – деді саясаткер.

Оның пікірінше, Ресейдің әскери күштері Донбасқа енгізілсе, оларды бітімгершілік контингенті деп санауға болмайды. Гутерриш бір елдің әскері басқа елдің аумағына оның келісімінсіз кірген кезде оның бейтарап бітімгер бола алмайтынын алға тартты.

Табиғат Нұрболат

Фото: minurso.unmissions.org

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу