Нью-Йорктағы БҰҰ штаб-пәтерінде ұлттық тағамдар фестивалі ұйымдастырылды, де хабарлайды
24.kz.
Бұл шараға келген меймандар қазақтың мол дастарқанынан дәм татып, тамсанып қайтты. Шетелдік қонақтар тәуелсіздік алған аз жылда дамып, көркейген Қазақстанға деген қызығушылықтарының басым екенін айтады.
Ұлттық тағамдарымен әлемді мойындатқан Испания, Түркия және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен бәсекеге түсу отандастарымыз үшін оңайға соқпады. Мұнда жеміс-жидек және теңіз өнімдерін пайдалана отырып, тіл үйіретін түрлі тағамдар ұсынылған. Қазақ дастарқаны да жұпыны емес. Ұлттық тамақ түрлерін меймандарға барынша дәмді әрі әдемі қылып дайындаған.
БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун фестиваль қатысушыларының барлығын құттықтады. Әр ұлттың тағамынан дәм татқан мәртебелі мейман Қазақстан дастарқанына ерекше көңіл бөлді. Ұлттық нақышта киінген Аруана мен Азамат есімді бүлдіршіндермен тілдескен Бас хатшы отандастарымыздың дайындығына жоғары баға берді.