БҰҰ Францияны "БТА банкінің" бұрынғы басшысы Әбілазовты Ресейге тапсыруды кідірте тұруға шақырды

1013

БҰҰ Францияны "БТА банкінің" бұрынғы басшысы Әбілазовты Ресейге тапсыруды кідірте тұруға шақырды

БҰҰ азаптауларды тергеу жөніндегі арнайы өкілі Нильс Мельцер Франция билігін "БТА банкінің" бұрынғы басшысы Мұхтар Әбілазовты Ресейге экстрадацияламауға шақырды, деп хабарлайды  ЭФЭ агенттігіне сілтеме жасаған "Интерфакс".

Мельцер мырзаның уәжі бойынша,  егер Мұхтар Әбілазов Мәскеуге тапсырылатын болса, онда  арада көп өтпей оны Қазақстан билігіне өткізіп, ал ол жақта азапталуы мүмкін.

(Әбілазов – ИФ) өз елінің үкіметіне қарсы саяси көзқарасы үшін қуғындаудың құрбаны болды, сондай-ақ Қазақстанда тұтқында болған кезде азаптау көрген, –  деп атап өтті Мельцер мырза.

ЭФЭ мәліметі бойынша, Париж Мұхтар Әбілазовты Ресейге беру-бермеуді жұма күні шешетін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу