БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің арнайы өкілдері Ауғанстан бойынша кездесу өткізді

537

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриштің төрағалығымен Ауғанстан бойынша халықаралық кездесу өтті.

БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің арнайы өкілдері Ауғанстан бойынша кездесу өткізді Фото: ҚР Сыртқы істер министрлігі

Бұл туралы inbusiness.kz ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

20 мемлекеттің өкілдері, оның ішінде Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Талғат Қалиев, және бірқатар халықаралық ұйымдар Ауғанстандағы жағдайды және оны одан әрі тұрақтандырудың жолдарын жабық режимде талқылады.

Кездесуге қатысушылар өңірлік қауіпсіздікке төнетін қатерлерді төмендетудегі БҰҰ рөлін арттыру бойынша пікір алмасып, бірқатар нақты ұсыныстар мен бастамаларды алға тартты.

Конференция қорытындысы бойынша БҰҰ ауған мәселесі бағытындағы әлемдік қоғамдастықтың одан әрі өзара іс-қимылы жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді деп күтілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу