БҰҰ Халықаралық соты Ресейдің Украинаға қарсы әрекетін тоқтатуды талап етті

1137

Бірқатар сарапшы Ресей соттың шешіміне құлақ аспайды деген пікірде.

БҰҰ Халықаралық соты Ресейдің Украинаға қарсы әрекетін тоқтатуды талап етті

БҰҰ Халықаралық соты (Гаага соты) Ресейден Украинаға басып кіруін дереу тоқтатуды талап етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ресей өкілдері үкімнің жариялануы рәсіміне қатысқан жоқ. 

Екі апта бұрын ресми Киев бұл сотқа жүгініп, 1948 жылы қабылданған геноцид қылмысының алдын алу және оған қатысты жаза қолдану туралы Конвенцияның бұзылуына шағымданған болатын. Төрағалық етуші сот Джоан Донохью зорлық-зомбылықты тоқтату керек деп мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл операцияның салдарынан адам шығыны көп болмақ. 

Бірқатар сарапшы Ресей соттың шешіміне құлақ аспайды деген пікірде. Өйткені Мәскеу сот отырысына бойкот жариялады. Соттың Ресейді бұл үкімді орындауға мәжбүрлеуіне қауқары жетпейді. Бірақ олардың ойынша, Ресейге қысым көрсету үшін тиімді болмақ. 

Соттың қазіргі шешімі алдын ала қабылданған үкім болып табылады. Негізгі үкім бірқатар тергеулерден кейін шығарылады. 

Табиғат Нұрболат

Фото: gettyimages.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу