БҰҰ Ирандағы жағдайға алаңдаулы

157

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш АҚШ-тың Иранға қарсы жасаған әрекеттеріне байланысты терең алаңдаушылық білдіріп, халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылыққа қатер төндіретін қауіпті эскалация ретінде бағалады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

БҰҰ Ирандағы жағдайға алаңдаулы Фото: dw.com

Гутериштің айтуынша, қазіргі жағдай тез арада бақылаудан шығып, аймақ тұрғындарына, бейбіт халыққа және бүкіл әлемге ауыр салдары болуы мүмкін.

"Мемлекеттер БҰҰ Жарғысы мен халықаралық құқық нормаларына сәйкес өз міндеттемелерін сақтауы тиіс. Дағдарысты бәсеңдету — ең басты міндет. Бұл жағдайдың әскери шешімі жоқ. Алға апарар жалғыз жол – дипломатия. Жалған емес, жалғыз үміт – бейбітшілік", – деді Бас хатшы.

Сондай-ақ, ол "хаос спиралін болдырмауға" шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу