Израиль армиясы батыс жағалауда 13 палестиналықты, оның ішінде бір баланы өлтірді, деп хабарлайды inbusiness.kz БҰҰ гуманитарлық мәселелерді үйлестіру басқармасына сілтеме жасап.
"7-8 қазан аралығында, сағат 21.00-де (8 қазан) 13 палестиналықты, оның ішінде 12 жасар баланы Батыс жағалаудың әртүрлі аймақтарында Израиль күштері өлтірді", — делінген хабарламада.
Палестиналықтардың бірі шабуыл кезінде немесе Әл-Луббан Әл-Гарбие (Рамаллах) маңында Израиль Күштерінің әскери қызметкерін пышақтамақ болғанда өлтірілгені атап өтілді.
Палестиналықтар мен Израиль күштері арасында Дейр Шараф (Наблус) бақылау бекетінің жанында қарулы қақтығыс кезінде тағы бір адам атып өлтірілді.
Хабарламада қалған 11 палестиналық демонстрациялар мен басқа да қақтығыстар кезінде өлтірілгені айтылған.