БҰҰ Израиль мен Газа секторындағы қақтығысы тоқтатуға үндеді

734

Израиль Премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Газа секторындағы операция "қанша уақыт жүргізу керек болса, сонша уақыт жалғасады" деп мәлімдеді.

БҰҰ Израиль мен Газа секторындағы қақтығысы тоқтатуға үндеді

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерреш Израиль мен Газа секторындағы қақтығысты тоқтатып, жағдайда реттеуге үндеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz димпломаттың Twitter-дегі мәлімдемесіне сілтеме жасап. 

"Ораза айт мейрамына деген құрметті білдіре отырып, Газа мен Израильдегі соғыс қимылдарын тез арада тоқтатуды сұраймын. Жазықсыз бейбіт тұрғындар қаза тауып жатыр. Бұл қақтығыс осы аймақтағы экстремизмді өршітіп жіберуі мүмкін", – деп жазды Гутерреш Twitter-де парақшасында.

Израиль Премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Газа секторындағы операция "қанша уақыт жүргізу керек болса, сонша уақыт жалғасады" деп мәлімдеді.

"ХАМАС өз әрекеттері үшін жауап беретінін айттым.Сондықтан осы қарқынмен операцияны жалғастырамыз. Бұл операцияны қанша уақыт жүргізу керек болса, сонша уақыт жүргіземіз", – деді премьер-министр.

Израиль мен Палестинаның Газа секторы шекарасындағы жағдай 10 мамырда ушығып кетті. Израиль елдімекендеріне зымыран шабуылдары үздіксіз жасалып жатыр. Соңғы мәлімет бойынша, алты бейбіт тұрғын мен бір әскери қызметкер қаза тапты.

Газа секторынан Израиль территориясына қақтығыс басталғаннан бері шамамен 1750 зымыран атылған. Израиль Газа секторына соққы беріп, палестиналық ХАМАС пен "Ислам жиһады" топтарына шабуыл жасады. Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бұл шабуылдардан осы күнге дейін 103 палестиналық қаза тапқан.

Табиғат Нұрболат

Фото: time.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу