БҰҰ Израиль мен ХАМАС-ты әскери қылмыстарға кінәлі деп айыптады

200

БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі тәуелсіз халықаралық тергеу комиссиясы Израильді қатты сынға алған баяндама жасады.

БҰҰ Израиль мен ХАМАС-ты әскери қылмыстарға кінәлі деп айыптады Фото: e-cis.info

Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі тәуелсіз халықаралық тергеу комиссиясы Израиль мен бірнеше Палестина ұйымдарын соғыс қылмыстары үшін айыптады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Израиль "палестиналық ерлер мен ұлдарға бағытталған жою, кісі өлтіру, жыныстық қудалау, мәжбүрлі қоныс аудару, азаптау күйіндегі адамгершілікке жатпайтын, адамзатқа қарсы қатыгез қылмыстар жасады", - делінген комиссияның 12 маусым, сәрсенбіде берген есебінде.

Комиссия сонымен қатар ХАМАС пен Палестинаның тағы алты қарулы тобының 7 қазандағы әрекеттері, сондай-ақ Израильдің жалғасып жатқан зымырандық шабуылдары әскери қылмыстар ретінде қарастырылатындығын атап өтті. 

"ХАМАС пен Палестинаның қарулы топтары зымыран атуды дереу тоқтатып, кепілдегі барлық адамдарды босатуы керек. Кепілге алу — бұл әскери қылмыс", - делінген құжатта.

Баяндамада Газадағы бейбіт тұрғындар қырғыны мен азаматтық нысандар мен инфрақұрылымның жаппай жойылуы Израильдің айырмашылықты, пропорционалдылықты және тиісті сақтық шараларын елемей, барынша зиян келтіру мақсатында қабылданған стратегиясының сөзсіз нәтижесі болғандығы атап өтілді.

Комиссияның төрағасы, БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі бұрынғы Жоғарғы комиссары Нави Пиллай Израиль өзінің әскери қимылдарын дереу тоқтатуы, ал ХАМАС Израиль территориясына зымыран атқылауды қоюы керек деп мәлімдеді.

Құжат авторларының айтуынша, Тель-Авив комиссияның тергеу жүргізуіне және оның ұрыс алаңына кіруіне кедергі келтірді. БҰҰ баспасөз қызметі бұл баяндама 19 маусымда Женевадағы БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің 56-сессиясында мемлекеттерге ұсынылатынын айтты.

Израильдің БҰҰ-ның Женевадағы адам құқықтары жөніндегі кеңесіндегі елшісі Мейрав Шадар комиссияны Израильге қарсы көзқарас үшін айыптады. 

"Бұл оның барлық әрекеттері Израильге қарсы саяси күн тәртібіне қызмет ететінін тағы бір рет дәлелдеді", - деді Шадар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу