БҰҰ Йеменде уақытша бітімге қол жеткізді

1189

БҰҰ Йеменде уақытша бітімге қол жеткізді

БҰҰ-ның Йемен бойынша арнайы елшісі Улд Шейх Ахмедтің мәлімдеуінше, Йеменде 72 сағатқа созылған бітім күшіне енеді және оны соғысып жатқан барлық тарап бірдей қолдауға келісті. Шейх Ахмедтің сөзіне қарағанда, қақтығысты тоқтату режимі 18 қазанда түн ортасында күшіне еніп, гуманитарлық көмектің жеткізілуіне мүмкіндік жасайды.

Йемен билігінің өкілдері бітім мерзімі ұзартылуы мүмкін дейді.

Президент Абд-Раббу Мансур Хади басқаратын қуғындағы үкімет хусит көтерілісшілерінің қоршауында тұрған Таиз қаласына гуманитарлық жүкті кіргізуді сұрады. Үкімет күштері Таизге баратын төрт жолдың біреуін ғана бақылайды. Экс-президент Әли Абдалла Салехтің жақтастары - хуситтерді Иран қолдайды. Хуситтер елдің солтүстігінің жартысына жуығын бақылауында ұстап отыр.

Сауд Арабиясы қолдайтын Мансур Хадидің күштері Йеменнің қалған бөлігін жергілікті тайпалармен бірлесе бақылайды. БҰҰ-ның есептеуі бойынша, 2014 жылы көктемде басталған азаматтық соғыстан 10 мыңға тарта адам, оның ішінде 3800 бейбіт тұрғын қаза тапқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу