БҰҰ қарасораға қатысты "тарихи" шешім қабылдады

622

Біріккен Ұлттар Ұйымы 60 жылдан кейін қарасораға қатысты көзқарасын өзгертті. Дауыс беру нәтижесінде каннабис пен оның шайырлары есірткі заттары жөніндегі бірыңғай конвенцияның "IV тізімі" шығарылды, деп хабарлайды Atameken Business.

БҰҰ қарасораға қатысты "тарихи" шешім қабылдады

Дегенмен, 1961 жылғы конвенцияның "І тізіміне" сәйкес қарасора есірткі заты болып қала береді. Яғни халықаралық келісім негізінде өсімдік алдағы уақытта да дүниежүзінде бақылаудың барлық түріне жатады.

Тізімге өзгертулер енгізуді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары ұсынған. Мамандар каннабистің құрамында емдік компонеттер барын айтып, өсімдікті медициналық мақсатта өсіруге рұқсат етуді сұрады.

Айта кету керек, сарапшылар халықаралық ұйымың шешіміне "тарихи" деп баға берді. Олардың болжамы бойынша алдағы уақытта әлемде қарасораға деген сұраныс артуға тиіс. Тіпті 2025 жылға дейін каннабис нарығы 80 млрд долларға дейін өседі деп күтілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу