БҰҰ қаржылық дағдарысқа ұшырады

183

Біріккен Ұлттар Ұйымы бірқатар бөлімін біріктіреді.  

БҰҰ қаржылық дағдарысқа ұшырады Фото: РБК

Өйткені, ұйымда қаржы жоқ. Бұл туралы Рейтерс агенттігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Әдетте Ұйымның бітімгерлік операциялары үшін бюджеті бөлек қарастырылады. Бірақ биыл қажетті қаржы қоры жиналмаған.

Оған басты донор – АҚШ-тың тиісті жарнаны аудармай отыр. Сөйтіп, қызметкерлердің жалақысын төлеуде қиындықтар туындап жатыр. Бұған Швейцарияда жүздеген адам қарсы шығып, наразылық білдірді.

Енді ұйымның халықаралық көші-қон агенттігі таратылуы мүмкін.

Ал ЮНИСЕФ, Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сияқты ірі агенттіктер бір гуманитарлық органға біріктірілуі мүмкін. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу