Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесі Газа секторындағы атысты дереу тоқтатуға шақыратын қарар қабылдады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Осылайша, бұл әлемдік орган алғаш рет Израильден соғысты тоқтатуды талап етіп отыр.
Өткен жылдың 7-қазанында Хамас жасақтары Израильдің оңтүстігіне шабуыл жасап, 1200-дей адамды мерт қылып, жүздегенін кепілдікке алды. Содан кейін Израиль армиясы палестиналық анклавта кек алу операциясын бастады.
Бүгінге дейін 32 мыңнан астам адам қаза тапқан. Оның дені – әйелдер мен балалар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу