БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Ходейда және Салиф порттарын ашуды талап етті

737

 БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Ходейда және Салиф порттарын ашуды талап етті

Ұлыбританияның бастауымен кезектен тыс жиын өтіп, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Ходейда және Салиф порттарын ашу керек екенін мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz.

Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшелері атынан Ресей Федерациясының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы тұрақты өкілі сөз сөйледі. Ол аймақтағы қауіпті гуманитарлық жағдайға қатысты бүкіл әлем алаңдаушылық білдіріп отырғанын айтты. Сонымен қатар Йемендегі қақтығысты ұйымдастырушыларды халықаралық гуманитарлық заңнаманың 2216 резолюциясына сай елдегі зорлық-зомбылық әрекеттерін тоқтатуға шақырды.

Айта кету керек Біріккен Ұлттар Ұйымының Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы дерегі бойынша Ходейда порты Йеменнің 19 миллион халқының тұрмысына айтулы әсер етеді.

Еске сала кетейік, халықаралық ұйымның гуманитарлық дағдарысқа байланысты жасалған ескертулеріне қарамай, Саудия "Алтын жеңіс" операциясын бастап кеткен болатын. Олардың мақсаты – хуситтерді Қызыл теңіз портынан қуып шығу.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу