БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Кабулдағы терактіні айыптады

782

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Кабулдағы терактіні айыптады

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Кабулдағы терактіні айыптады. Қауіпсіздік Кеңес мүшелері "Талибан" қозғалысы өз мойнына алған террористік шабуылға қатысы барларды тауып, әділ жазасын беру керек екенін жеткізді, деп хабарлайды khabar.kz.

Лаңкестік шабуылды Франция елі де айыптап, терроризммен күресте Ауғанстанды қолдайтындықтарын жеткізді. Ал Ақ үй басшысы Дональд Трамп барлық мемлекеттерді тәліптерге қарсы күш біріктіріп, әрекет етуге шақырды.

Жалпы АҚШ тәліптермен Ауғанстан аумағында 2001 жылдан бері соғысып келеді. Осы аралықта 2 мыңнан астам америкалық әскери қызметші қаза тауып, 20 мыңнан астамы жарақат алған.

Еске сала кетсек, қаңтардың жиырма жетісінде Кабулда терракт болды. Жарылғыш зат тиелген жедел жәрдем көлігі Ауғанстан астанасының орталық көшесіне келіп жарылған. Лаңкестік шабуыл салдарынан 100-ден астам адам қаза тапты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу