БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Қарабақтағы шиеленісті тоқтатуға үндеді

659

Орган келіссөздер жүргізуді ұсынды.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Қарабақтағы шиеленісті тоқтатуға үндеді

Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесі Әзербайжан мен Арменияны Таулы Қарабақтағы шабуылды дереу тоқтатып, ортақ ымыраға келуге үндеді. Бұл туралы кеңестің төрағасы әрі Нигердің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Абду Абарри мәлім етті.

"Кеңес мүшелері бас хатшының "әскери әрекеттерді тоқтатсын, келіссөздерге шұғыл кіріссін" деген мәлімдемесін қолдайды", – деді Абарри.

Еске сала кетейік, Таулы Қарабақтағы қақтығыс 27 қыркүйекте басталған еді.Ресми Баку армяндар әзербайжандық позициялар мен елдімекендерге шабуылдады дегенді айтты. Ереван болса, Қарабаққа шабуылдаған әзербайжандықтар және Түркия Әзербайжанды жауынгерлермен қамтамасыз етіп отыр деп жариялады. 

Халқының басым бөлігін армяндар құрайтын Таулы Қарабақ 1991 жылы Әзербайжаннан тәуелсіз екенін жариялаған болатын. Баку бұл аймақты күшпен қайтармақ болып, оның арты соғысқа ұласып кетті. 1992-1994 жылдары болған қақтығыста Әзербайжан Таулы Қарабақ пен оған жақын орналасқан жеті ауданнан айырылып қалған болатын.

1994 жылы Әзербайжан, Армения және Таулы Қарабақ республикасы Ресейдің араласуымен уақытша бітімге келген. Бірақ сол уақыттан бері әскери әрекеттер тыйылмай келеді. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу